$511.77 €593.19 ₽6.41
×

Алматы облысының Ұйғыр ауданында алғаш рет Apricot фестивалі өтті

AstanaTV
12.06.2025ж. 20:00
115
Алматы облысының Ұйғыр ауданында алғаш рет Apricot фестивалі өтті

Алматы облысының Ұйғыр ауданында алғаш рет Apricot фестивалі өтті. Концерттік шараға фермерлер, қолөнершілер, туристер мен инвесторлар қатысты. 

Ұйғыр ауданы елімізде өрік өсіруден көш бастап тұрғандықтан, фестивальге дәл осы локация таңдалған. Осы аймақтың көркіне айналған жеміс аудандағы 4 095 гектар бақтың 3 100 гектарын алып жатыр. Мұнда жыл сайын 22 мың тонна өрік жиналады. 

БОТА ЕЛЕУСІЗОВА, ҰЙҒЫР АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

Осы агротуризмді дамыту мақсатында және осы ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне жағдай жасау мақсатында осы абрикосты ауданымызға патенттеп алдық және осы абрикос фестивальді әрі қарай дәстүрлі түрде өткізуді жоспарлап отырмыз. 


Өрікке сұраныс жоғары. Жиналған өнімнің 4 тоннасы  Ресей, Қырғызстан, Өзбекстанға экспортталады.  

ҚУАТ БАЙҒОДЖАЕВ, АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бүгін біз мына сол өсіріп жатқан аймақтарға бардық. Сол кезед Қырғыз Республикасының кәсіпкерлері, Өзбекстан Республкиасының кәсіпкерлері кеп, біздің өнімдерді сатып алып жатқанының куәгері болып отырмыз. 


Жәрмеңкеге қойылған өріктен жасалған тосаптар, кептірілген өнімдер кәсіпкерлер мен туристердің ерекше назарын аударды.  

АЙДАР КӨЖЕКБАЕВ, АҚТАМ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:

Ауылдық округтер бәрі өзінің ауылдан шыққан өнімдерін әкеп жатқан жайы бар. Біз де осы Ақтам ауылдық округінен өзімізден шыққан өнімдерді алып келдік. Мынау абрикостың дәні, бұл да дәрумендерге бай. Тосабымыз бар. 


Келесі Apricot Fest 2026 жылдың сәуіріне жоспарланып отыр. Себебі, дәл сол уақытта өрік  гүлдейді.