$511.77 €593.19 ₽6.41
×

"АМАNАТ" партиясының "Жастар рухы" ЖҚ еріктілері судағы қауіпсіздікті қадағалауда

12.06.2025ж. 20:00
124
"АМАNАТ" партиясының "Жастар рухы" ЖҚ еріктілері судағы қауіпсіздікті қадағалауда

АМАNАТ партиясының "Жастар рухы" жастар қанатының еріктілері судағы қауіпсіздікті қадағалауда. "Қауіпсіз қала" акциясы аясында Астана қалалық Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлеріне көмектесіп, шомылу маусымына байланысты ауқымды шаралар атқарып жатыр. Еріктілер бұл іске, қоғам белсенділері мен блогерлерді де тартқан.  Тұрғындарға  түсіндірме жұмысын жүргізіп, қауіпсіздік шараларын еске салуда. Айта кетейік, бұндай шаралар еліміздің өзге өңірлерінде де қолға алынған. 

АРСЛАНБЕК МАҒЗҰМ, "ЖАСТАР РУХЫ" ЖҚ АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Жалпы, қазіргі таңда осы түсіндірме жұмыстары 9 -13 күні аралығында өтеді. Бірақ, жүйелік түрде жаз бойы өткіземіз.