«AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалы кезекті «Таза бейсенбі» экологиялық акциясын өткізді. Бұл жолғы сенбілік Тұран ауданында өтті. Қатысушылар көпқабатты үйлердің ауласындағы қоқыстарды жинап, бейберекет өскен шөптерді шауып, қауіпті ағаш бұтақтарын кесу арқылы тұрғындардың жүріп-тұруына қолайлы орта қалыптастырды. Бұдан бөлек отырғыштар да сырланды.
ЕСІМХАН БЕРТАЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ТҰРАН АУДАНДЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ:
Тәртіп бар жерде тазалық бар, тазалық бар жерде береке бар деген сияқты әркім өзі отырған ортасына байланысты. Әрі бұл келешекте біздің мәдениетімізді қалыптастыруға, жастардың арасында дұрыс бағытта жұмыс жасау үшін жасалынып жатқан нәрселер.
Ал жамбылдық жастар тарихи орындарды тазартуда. 30 дан астам белсенді «Байзақ баба» кесенесінің маңын қоқыстан тазартып, жабайы шөпті шауып, қураған талдарақтарды кесті. Сарыкемер ауылының маңында орналасқан Талас өзенінің бойындағы кесене -Әулиеата өңіріндегі тарихи-мәдени ескерткіштердің бірі. Әрі бұл тарихи орын «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автодәлізі бойынан орналасқандықтан, мұнда келушілердің де қарасы қалың. Сондықтан «Мәдениет» бастауыш партия ұйымының мүшелері кесененің жан-жағын ретке келтірді.
МЕДЕУ МЫРЗАТАЙ, ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Бұл іс-шара «Таза Қазақстан» экологиялық акциясын қолдау мақсатына, экологиялық мәденитті қалыптастыру мақсатында, жыл басынан бері Тараз қаласының әр түрлі жерлерінде, өзен жағалауларын тазалау жұмыстарын жүргізуден басталды. Осындағы көптеген қоқыстарды, есік алдында өсіп кеткен жабайы шөптер секілді барлығы тазалау жұмыстарын жүргізді.