$542.03 €627.29 ₽6.66
×

Басы дауға қалған Сәкен Майғазиев бәріне «кінәлі» адамның атын атады

AstanaTV
13.06.2025ж. 07:37
136
Басы дауға қалған Сәкен Майғазиев бәріне «кінәлі» адамның атын атады

Ұлының үйлену тойын онлайн көрсетемін деп басы дауға қалған әнші Сәкен Майғазиев бұл идеяны Мейрамбек Бесбаев айтқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бұл идеяның авторы Мейрамбек, міне өзі тұр. «Қазақ халқы бұл тойды көру керек, қаншама адам ниеттеніп жатыр. Әлемдік тәжірибеде бар дүние. Тіпті кейбір адамдардың тікелей эфирдегі сұхбаттары сатылады. Сенің тойыңды неге тойламасқа» деп ұсыныс жасаған болатын», - дейді әнші.

Ол ұйымдастырушылар да бұл жайында айтқанын, бірақ бас тартып келгенін атап өтті.

«Бұл Мейрамбектің бүкіл қазақ халқына жасаған сыйлығы деуге де болатын шығар. Өйткені үйде отырған, декретте отырған, төсек тартып жатқандар көреді. Түркиядан бір досым арнайы сыйлығын Каспиге салып жіберіпті. Шіркін-ай, сенің онлайн тойың 100 мың теңге тұрса да сатып алатын едім деді», - деп түйіндеді Майғазиев.

Еске сала кетейік, әнші Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойын ақылы түрде онлайн көрсетті. Той кеше өтті.

Сәкен Майғазиев ұлының тойын онлайн көруді неліктен ақылы еткенін журналист Анна Данченко түсіндірді. Оның сөзінше, жиналған қаражатты той иелері отбасына жұмсамайды, сервер мен операторлардың жұмысының ақысын төлейді.