$511.92 €588.91 ₽6.44
×

“Барселона“ жұлдызы құрамадан кетті, бапкері отставкаға шықты

AstanaTV
13.06.2025ж. 09:21
54
“Барселона“ жұлдызы құрамадан кетті, бапкері отставкаға шықты

Польша ұлттық құрамасының бас бапкері Михал Пробеж команда жұлдызы Роберт Левандовскимен туындаған дау-дамайдан кейін қызметінен кету туралы шешім қабылдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

Еске салайық, "Барселона" шабуылшысы және Польша құрамасының тарихындағы үздік сұрмергені Роберт Левандовски бұған дейін бапкер қызметтен кетпейінше, ұлттық құраманың намысын қорғамайтынын мәлімдеген болатын.

Даудың басталуына Левандовскиден капитандық повязканың алынуы себеп болған.

"Қалыптасқан жағдайда ұлттық құраманың мүддесі үшін менің бапкерлік қызметтен кетуім — ең дұрыс шешім. Бұл қызмет менің кәсіби арманым болатын, әрі өмірімдегі ең үлкен мәртебе еді", – делінген Польша құрамасының баспасөз қызметі таратқан бапкер мәлімдемесінде.

Айта кетейік, дау-дамайдан кейінгі алғашқы ойында Польша құрамасы Финляндиядан 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Бұл матч 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында өткен.

Роберт Левандовски — Польша ұлттық құрамасының тарихындағы ең үздік бомбардир (84 гол) әрі қазіргі құрамдағы ең титулды ойыншы. Ол Германия чемпионы атағын он рет, Чемпиондар лигасын бір рет және Испания чемпионатын екі рет жеңіп алған.

Бұған дейін Михал Пробеж Левандовскиден капитандықты не үшін алғанын түсіндірген болатын.

Сонымен қатар, Финляндия – Польша матчы кезінде бір жанкүйер трибунада есінен танып қалып, ойын 20 минутқа тоқтаған. Кейіннен жанкүйердің ауруханада көз жұмғаны белгілі болды.