$541.45 €631.17 ₽6.78
×

Алматы облысында көлік аялдамаға соғылып, екі адам мерт болды

AstanaTV
13.06.2025ж. 11:50
187
Алматы облысында көлік аялдамаға соғылып, екі адам мерт болды

Өтеген батыр ауылында жеңіл автокөлік автобус аялдамасына соғылды. Қайғылы оқиға салдарынан екі адам қаза тауып, тағы бір адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан түсірілген видеолар пайда болды. Онда жүргізушінің жоғары жылдамдықпен қозғалғаны байқалады.

Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізілуде.

13 маусым күні Өтеген батыр ауылындағы Жансүгіров көшесімен жүріп келе жатқан BMW-323 автокөлігінің жүргізушісі көлік тізгініне ие бола алмай, автобус аялдамасына соғылғаны анықталды. Жол апаты салдарынан жолаушылардың бірі оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші есін жимастан аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болды. Тағы бір жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді, — деп хабарлады облыстық ПД BAQ.kz тілшісіне берген жауапта.