$511.92 €588.91 ₽6.44
×

Қазақстанда ым тіліне арналған электронды сөздік пайда болды

AstanaTV
13.06.2025ж. 17:19
88
Қазақстанда ым тіліне арналған электронды сөздік пайда болды

Қазақстанда ым тіліне арналған электронды сөздік әзірленді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқу-ағарту министрлігіне қарасты Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығы ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін білім саласындағы цифрлық шешімдерді кеңейтіп жатыр.

«Сол шешімдердің бірі — есту қабілеті бұзылған балаларға арналған ымдау тілінің онлайн-видео сөздігі. Бұл сөздік — ым-ишараның визуалды көрінісі мен автоматтандырылған іздеу жүйесі бар интерактивті ақпараттық база», - деп мәлімдеді министрлік.

Сөздікті ұлттық орталықтың ресми сайтынан қазақ және орыс тілдерінде тегін жүктеп алуға болады.

Электронды сөздік қолдануға ыңғайлы әрі барынша көп адамға қолжетімді болу үшін оның мобильді нұсқасы әзірленіп жатыр. Жаңа өнім биыл республикалық тамыз конференциясы аясында таныстырылады.