Иран әуе кеңістігінің уақытша жабылуына байланысты халықаралық рейс орындаған бірнеше ұшақ Өзбекстан астанасындағы қосалқы әуежайларға қонды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.
Ресми мәліметке сәйкес, бүгін «Ташкент-Джидда» бағыты бойынша рейс орындаған Uzbekistan Airways әуекомпаниясының ұшағы Ташкентке қонды.
Сонымен қатар Ташкенттен Дубайға бағыт алған Fly Dubai әуекомпаниясының ұшағы Өзбекстан астанасына аялдады. Жолаушылар әуежай терминалына уақытша орналастырылды.
Сондай-ақ «Алматы-Шарм-эль Шейх», «Сеул-Доха» бағытында жолаушылар тасымалдайтын Air Cairo және Qatar Airways компанияларына тиесілі ұшақтар да Ташкент әуежайына қонды. Ал «Ташкент – Доха» рейсінің уақыты кейінге шегерілді.
Бұл туралы kaz.inform.kz хабарлайды.