Астана-Павлодар тас жолының 1265-шақырымында ауа температурасының күрт көтерілуі (+33...+35°C) салдарынан цементбетон жабынының плиталары көтеріліп кеткен, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Оқиға жол қозғалысына уақытша кедергі келтіріп, бірнеше көлік зақымданды - кейбірінің тіпті асты соғылған.
Жол қызметтері ақауды жоюға дереу кірісіп, қысқа мерзім ішінде жол жабынын қалпына келтіруді жоспарлап отыр. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жол бойына уақытша белгілер орнатылып, тәулік бойы күзет ұйымдастырылған.
Жол пайдаланушылардан аталған учаскеде барынша сақ болуды және ресми хабарламаларды мұқият қадағалауды сұраймыз. Жол қозғалысы таяу уақытта толық қалпына келтіріледі деп күтілуде, – делінген «ҚазАвтоЖол» таратқан мәліметте.