$511.92 €588.91 ₽6.44
×

Алматы облысында көлік аялдамаға соғылып, екі адам көз жұмды

AstanaTV
13.06.2025ж. 20:00
76
Алматы облысында көлік аялдамаға соғылып, екі адам көз жұмды

Алматы облысында көлік аялдамаға соғылып, екі адам көз жұмды. Оқиға Өтеген батыр ауылында болды. Жеңіл машина тізгіндеген жүргізуші рөлді басқара алмай қалыпты. Тағы бір жүргізуші мен жолаушы ауруханаға дереу жеткізілген. Өкініштісі, көлік тізгіндеуші есін жимай, жансақтау бөлімінде көз жұмды. 

МЕРУЕРТ МОРЯКОВА, АЛМАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ПД РЕСМИ ӨКІЛІ:

Жол-көлік оқиғасы бойынша полиция қылмыстық іс тіркеп, тергеу жүргізілуде. Анықталғандай, 13 маусым күні Өтеген батыр ауылындағы Жансүгіров көшесімен келе жатқан BMW-323 көлігінің жүргізушісі рөлді басқара алмай, автобус аялдамасына соғылған.