$512.44 €593.15 ₽6.52
×

Павлодарда жол апатынан 2 адам көз жұмды

13.06.2025ж. 20:00
80
Павлодарда жол апатынан 2 адам көз жұмды

Ал «Павлодар-Астана» бағытында болған жол апатынан 2 бірдей адам көз жұмды. Оқиға түнгі уақытта болған. Қатты жылдамдықпен келген екі көлік жолдағы жылқыны байқамай қалған. Салдарынан бір көлік өртеніп, екі жолаушысы жан тапсырды. Тағы екі адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Полицияның оқиғаның мән-жайын тексеріп жатыр. Ал қатты ыстықтан  Павлодар мен Екібастұз ортасындағы жолдың беткі қабаты қопарылып кетті. Салдарынан жол апаты болған. Зардап шеккендер жоқ. Бірақ, көлікке айтарлықтай зиян келген. Қазавтожол өкілдері түнімен жолдағы ақауды қалпына келтіргенін хабарлады.