$512.44 €593.15 ₽6.52
×

Қарағандыда медицина қызметкерлеріне қол жұмсаған 38 жастағы азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

13.06.2025ж. 20:00
81
Қарағандыда медицина қызметкерлеріне қол жұмсаған 38 жастағы азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды

Қарағандыда ер адам дәрігерлерді ұрып-соққан. Оқиға облыстық балалар ауруханасында болған. Ерегістің неден басталғаны белгісіз. Екі медицина қыземткері дене жарақатын алған. Күдікті ер адам қамауға алынды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу басталды. Ал бала ауруханада ем алып жатыр. 

БАҚЫТЖАН ҚҰДИЯРОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Күдікті оқиға орнында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Заң мен тәртіп қағидатын жүзеге асыру аясында заңсыз әрекеттер үшін жазаның бұлтартпастығы қатаң түрде қаматамасыз етіледі. Әсіресе медицина қызметкерлеріне қатысты күш қолдану әрекеті қоғамдық тәртіптің өрескел бұзылуы ретінде бағаланып жол берілмейтін жағдай болып табылады.