$511.92 €588.91 ₽6.44
×

Биыл елімізде 149 мың темір тұлпар шығарылмақ

13.06.2025ж. 20:00
90
Биыл елімізде 149 мың темір тұлпар шығарылмақ

Биыл елімізде 149 мың темір тұлпар шығарылмақ. Бұл былтырғы көрсеткіштен 5 процент артық.  Мұндай өсім Алматыдағы Astana Motors зауыты есебінен болуы мүмкін. Кәсіпорын 120 мың көлік құрастырады деп жоспарланған. Жобаға 202 млрд теңге инвестиция құйылған. Сонымен қатар Қостанайда жылына 70 мың автокөлік шығаратын Kia Қазақстан зауытының құрылысы жүріп жатыр. Құйылған қаржы көлемі 90 млрд теңгеге жуықтайды. Жалпы, Машина жасау саласын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспары шеңберінде республикалық бюджеттен 1,4 трлн теңге және бюджеттен тыс көздерден 1,3 трлн теңге көлемінде қаржыландыру көзделген.