Көлік саласы соңғы 5 айда 24 пайыз өсімді көрсетті. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов көлік саласындағы ірі инвестициялық жобалар бойынша өткен кеңесте айтты. Жиында Қауіпсіздік Кеңесі отырысында айтылған Президент тапсырмаларының орындалу барысы қаралды. Биыл елімізде 13 мың шақырым автожол, 6 100 шақырым темір жол және 6 әуежай жаңғыртылған. Қатонқарағай, Зайсан, Кендірліде үш жаңа әуежай салынып, Арқалық қаласындағы әуежайды қалпына келтіру жобасы жүзеге асуда. Ал су көлігі саласында 2 жоба іске қосылмақ.
ДАРХАН ИМАНАШЕВ, «ҚАЗАВТОЖОЛ» ҰК» АҚ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:
«ҚазАвтожол» ҰҚ былтырдан бері автоматты түрде өлшеу компастарды қойып жатыр жолдың бойында. Қазіргі таңда 27 дана орналастырылған. Жалпы республикалық маңызы бар жолдардың бойында. Биылғы жоспарымыз 25, оның 12-і қазір орналастырылып жатыр. Жалпы есептесек, 2027 жылдың аяғына дейін 126 дана компастарды қоюымыз керек. Ол автоматты түрде ауыр жүк көлік ауыр салмақпен өтіп жатса, оған автоматты түрде айыппұл салынады.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2029 жылға дейін 11 мың шақырым темір жолды жөндеуден өткізу жоспарланған. Биыл 177 млрд теңгеге 1 480 шақырым жол жаңғыртылады. Жыл соңына дейін 125 вокзал кешенін реконструкциялау жұмыстары жүргізілуде.