Баянауылда баспанасы өртеніп, үйсіз қалған отбасы көмек сұрайды. 3 баласы мен мүгедек анасы далада қалмақ. Әкімдік Виктор Лукпанчуктің отбасына уақытша тұруға баспана берген. Енді сол үйді босатуды талап еткен. Олардың бұл үйден басқа барар жері жоқ. Ал баспана сатып алуға шамасы келмейді. Амалы таусылған отбасы біздің арнадан араша сұрады.
Бұл – Виктор Лукпанчук бұрынғы баспанасы. Осыдан 3 ай бұрын тоқтың тұйықталуынан жанып кеткен. Ішінде алуға тұрарлық ештеңе қалмады. Үйді қайта қалпына келтіруге қомақты қаражат қажет. Оған отбасының шамасы келмейді. Қазір әкімдік берген баспанада тұрып жатыр. Бірақ, оны да босату керектігін айтыпты.
ВИКТОР ЛУКПАНЧУК, БАЯНАУЫЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Әкім айтты ғой что пока 1 ай мұнда тұрасыңдар. Біз сендерге үй тауып аламыз деп. Мен айттым жарайды деп. Мұнда 1 ай тұрамыз уже. 1 ай өтіп кетті. Уже Үкімет звандап жатыр дейді. Үйді босатыңдар, басқа үйді тауып алыңдар дейді. Мен қалай басқа үй тауып алам. Мұнда жоқ снимает ететін, қай жерден аламыз. Бұл біздің проблема емес, сіздің проблема ғой. Басқа үйді тауып алыңдар. Мен енді не істемеймін білмеймін.
Отбасында 3 бала бар. Анасы мүгедек. Өздігінен жүріп тұра алмайды. Басқа бара жері қалмаған отағасы кімнен көмек сұрарын білмей дал болып отыр.
ВИКТОР ЛУКПАНЧУК, БАЯНАУЫЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:
Район акимға бардық. Район аким айтты басқа үй салады. Қашан салады оны білмейміз әлі. Ешқандай көмек жоқ акиматтан. Мен ешқандай көмек сұраймын. Өзім жұмыс істеймін. Өзім тауып берем. Осындай положение өтіп кетті. Үйім жанып кетті. Білмеймін енді қалай істеймін.
Аудан әкімдігі бұл отбасына заң бойынша тиісті көмек жасалғанын хабарлады. Демеушілердің көмегімен жеке үйде алып бермек болған.
БАЯНАУЫЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМДІГІ:
Қиын жағдайға тап болған азаматқа Төтенше жағдайлар актісіне сәйкес 100 ΑΕΚ (369200) мың теңге көлемінде әлеуметтік көмек көрсетілді. Демеушілер тарапынан 311,0 мың теңге көлемінде 1 топтағы мүгедек анасына кресло-коляска, киім-кешек және азық-түлік сатып алынды. Қазіргі таңда аудан әкімдігі тарапынан коммуналдық шығындары төленіп, уақытша тұруға тұрғын үй берілді. Баянауыл ауылы, Бектұров көшесі 25 үйді демеушілер тарапынан аталған жанұяға сатып алып беру ұсынылды. Вингоренко Ольга Васильевна ұсынылған үйден өз еркімен бас тартты.
Қазіргі тұрып жатқан баспанасы жетімдерге берілген үй. Сол себепті баспананы босатуы керек. Ал аудан әкімдігі үй тауып алғанша, ол жерден шығарылмайтындығын жеткізді.