Өскеменде жасөспірім суға батып кетті. Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, ол арнайы жабдықталмаған жерде шомылған. Марқұмның денесін құтқарушылар жағадан 25 метр қашықтықтан алып шықты. Суға түсу маусымы барлық өңірде басталды. Мамандар күндіз-түні қауіпсіздік ережелерін түсіндірумен айналысуда.
БЕРІК ЖҰМАБАЙ, ТІЛШІ:
Облыс аумағында халқы тығыз орналасқан немесе ауыл маңына жақын жерлерде 117-ден астам су айдыны бар. Статистикаға қарағанда, судағы қайғылы жағдайдың көбі адамның өзінен болатын көрінеді. Ең сорақысы масаң күйде шомылғандардың дені суға кетеді екен. Өңірде су объектілерінде шомылуға рұқсат берілген 13 орын белгіленген. Жауаптылар аталған аймақтарға рейдтік шара жүргізіп, барлық білім беру мекемелері мен жаздық демалыс лагерлерде шомылудың ережелерін тартып жүр.
ЖАЛҒАС АБДУАЛИЕВ, ЖО ТЖД АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:
Шомылу маусымының қауіпсіз өткізу жоспары бекітілді. Сонымен қатар әр түрлі деңгейде төтенше жағдайларды алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырыстары өткізілді. Барлық білім беру мекемелерінде түрлі судағы қауіпсіздік ережелерін жеткіз бойынша эстофета, жарыстар, интрактивті сабақтар, ашық есік күндері және ата-аналармен кездесу шаралары ұйымдастырылды.
Төтеншеліктір мектеп оқушылары арасында суға батып жатқан адамға алғашқы көмек көрсетіп, құтқарушыларға қалай хабар беру керектігін жеткізді. Жасөспірімдер арасында өзара байқау ұйымдастырып, суға тұншығып жатқанда не істеу керектігін түіндірді.
АЙЫМ ГАУХАРБЕК, ОҚУШЫ:
Біз бұл жақтан көлдік қауіпті екенін және ата-анамыз мұнда шықпау керек екенін қауіпті. Суға батқан адамға көмек көрсететін адамдарды шақыру керек екенін түсіндік.
БЕРІК ЖҰМАБАЙ, ТІЛШІ:
Жауаптылар жаз басталғалы өзен көлдерді аралап, су айдындарында шомылып жүргендердің қауіпсіздігін қадағалап жүріп 14 адамды жауапкершілікке тартты. Бірі суға ішімдік ішіп мас күйінде түссе, енді бірі қауіпсіздік ережелерін бұзу немесе орындамаған.
ЗАҢҒАР САНАЙ, ТІЛШІ:
Тобыл-Торғай төңірегінде екі жүзден астам шомылатын жер бар.Алайда оның тек жиырма алтысы - арнайы жабдықталған орын. Қостанайда төрт жерде суға түсуге рұқсат етілген.
Мамыр айынан бері екі бала тілсіз жаудың құрбаны болған. Екеуі де ресми рұқсат етілмеген жерде суға кеткен.Тағы төрт жеткіншекті балықшы құтқарып қалыпты.Жасөспірімдердің ата-анасы әкімшілік жауапқа тартылды.
ҚУАТБЕК КЕНЖЕБЕКҰЛЫ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Былтырғы жылғы тасқыннан кейін судың көлемдері өзгерді.Неше түрлі астында темірлер, ағаштар. Тереңдеді.Бағыты өзгерді. Кеңейді. Соған орай өте сақ болу керек.Тыйым салған жерлерге шомылуға болмайды. Жалпы штраф салынады 412 баппен.Үлкен кісілерге де жаңағы тыс жерде шомылуға болмайды.Түнде шомылуға болмайды.Баланы қараусыз қалған әке-шешесіне де айыппұл салынады.
Жағажайлар жіті бақылауда. Тәулік бойы 5 бекет жұмыс істейді. 120 жеке құрам. 35 техника.21 қайық сақадай сай.Шомылу маусымы кезінде оқыс оқиға болмас үшін, оның алдын алу маңызды.Осы мақсатта жергілікті полицейлер мен құтқарушылар бірлесіп, іс-шара ұйымдастырып жатыр.Рейдтік топ жағажай аралап, түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.Жағажайдағы адамдарға мас күйде суға түспеу керектігін, балаларды қараусыз қалдырмауды ескертті.
ҚАНАТ ШЫҚАНОВ, ЖЕРГІЛІКТІ ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ:
Жыл басынан қоғамдық орындарда сприттік ішімдіктер ішкені үшін шамамен 6 мың адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.Оның ішінде 50 адам шомылу орындарында ішімдік ішкені үшін жауапкершілікке тартылды. Азаматтарға тыйым салған орындарда шомылу фактілерінің жолын кесумен тұрақты негізде рейдтік шаралар жүргізілетін болады.
Рейдтік шаралар 31 тамызға дейін жалғасады.Оған полицейлермен қатар құтқарушылар,еріктілер, білім басқармасының қызметкерлері, жергілікті атқарушы билік өкілдері тартылып отыр.
ЗАҢҒАР САНАЙ, ТІЛШІ:
Облыс көлеміндегі алты жазғы лагерь аумағында көл бар. Мұнда да қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Азаматтық қорғаныс басқармасының ақпарына жүгінсек суға кеткендер саны жыл сайын азайып келеді. Екі жыл бұрын 13 адам опат болса, былтыр сегізі суға кеткен.