Биыл орта және шағын бизнес бойынша екі мыңнан астам жоба субсидияланып, тағы осыншама кәсіпке кепілдік қолдау білдірілген. Ал 800-ден астам жоба жеңілдетілген несиеге ие болған. Бұл «Даму» кәсіпкерлікті дамыту Қорының соңғы 5 айда жүзеге асырған мемлекеттік қолдау шарасы. Айта кетейік, даму қоры Қазақстандағы микро, шағын және орта бизнесті қолдауда шешуші рөл атқарып келеді. 2023 жылмен салыстырғанда былтыр Қордан қолдау алған жобалар саны 24%-ға, несие сомасы да 9%-ға артқан. Биыл қор Мемлекет басшысының тапсырмасымен кәсіпкерлікті қолдау бағытында кепілдік қорларын құрған.
АҚБОТА НҰРҒАЛИЕВА, «ДАМУ» КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ҚОРЫ» АҚ АЙМАҚТЫҚ ФИЛИАЛ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Биылғы таңда даму қоры өз бағытынан кепіл беру қорын құрды. Кепіл беру қоры екі бағытта жұмыс жасайды. Бұл жеті миллард теңгеге дейін кепіл беру соммасы, 7 млрд теңгеден астаын кепіл беру құралы жұмыс жасап тұр.