$542.03 €627.29 ₽6.66
×

Мемлекет басшысы ExxonMobil корпорациясының басқарма төрағасы Даррен Вудсты қабылдады

13.06.2025ж. 20:00
221
Мемлекет басшысы ExxonMobil корпорациясының басқарма төрағасы Даррен Вудсты қабылдады

Мемлекет басшысы ExxonMobil корпорациясының басқарма төрағасы және бас атқарушы директоры Даррен Вудсты қабылдады. Кездесуде энергетика және мұнай-газ салаларындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асырудың қазіргі жай-күйі мен перспективасы талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев корпорацияның ел экономикасын дамытуға қосқан үлесіне жоғары баға беріп, аталған компагиямен ықпалдастықты одан әрі тереңдетуге мүдделі екенін айтты. Даррен Вудс Теңіз, Қашаған және Каспий құбыр консорциумы жобаларын табысты жүзеге асыруға қолайлы жағдай жасағаны үшін ризашылығын білдірді.