$511.92 €588.91 ₽6.44
×

Қызылордада жылына 11 мың донор қан тапсырады

Қызылордада жылына 11 мың донор қан тапсырады

Қызылордада жылына 13 мыңдай адам донор болуға ниет білдіреді. Оның  тек 11 мыңы  жарамды болады.  60 процентін І, ІІ қан топтары құраса, ІV топ сирек кездеседі дейді мамандар. Аймақтағы егде жастағы донор 75-85 жас шамасында. Ал 400 адам жылына 3-4 рет тұрақты түрде қан тапсырады. Солардың бірі  - Мейрамбек Досымбетов. Ол төтенше жағдайлар департаментінде жұмыс істейді. Ұжымдастарымен бірге ауыр жағдайда жатқан науқастарды ажалдан арашалауға ат салысып жүр. Дүниежүзілік донорлар күніне орай олар марапат төрінен көрінді. 

МЕЙРАМБЕК ДОСЫМБЕТОВ, ДОНОР:

Әр адамның өмірі біз үшін маңызды, еліміз үшін де. Сол үшін еліміздегі, Қазақстандағы тұрғындарды донорлар күніне орай қан тапсыруға шақырамын. Осы жақта тіркелгенмін. Қызметкерлері егер қан керек болып жатқан жағдайда шақырады, сол кезде келемін міндетті түрде.