$511.92 €588.91 ₽6.44
×

Қарағанды облысында жұмысшы мамандығының мәртебесін арттыруға бағытталған шаралар жалғасуда

13.06.2025ж. 20:00
132
Қарағанды облысында жұмысшы мамандығының мәртебесін арттыруға бағытталған шаралар жалғасуда

Қарағанды облысында жұмысшы мамандығының мәртебесін арттыруға бағытталған шаралар жалғасуда. Шахтинск технологиялық колледжінде «Amanat» партиясының бастамасымен «Колледж тарихын жасаймыз» атты жобаның тұсауы кесілді. «Жұмысшы мамандығының жылына» орай оқу орнында 20 жылдан астам уақыт еңбек еткен ұстаздар шақырылды. Альбомда олар жайлы материалдар жинақталған. Араларында еңбек ардагерлері де бар. Осы педагогтардың арқасында Қарағанды облысының ондаған ірі кәсіпорындары білікті мамандармен қамтамасыз етіліп отыр. Колледж бүгінде электроника, машина жөндеу, кен орнындағы автомеханика, тамақ дайындау саласы бойынша 10 түрлі мамандықты оқытады. Студенттердің арасында республикалық, халықаралық жарыстардың жеңімпаздары да бар. Бүгін ардагер ұстаздар мен мамандар жас ұрпақта келешектің кілтін тапсырып, ақ жол тіледі. Мақсат жастарға жұмысшы мамандығының маңызын түсіндіру.

МАЛИКА ОРЫНБАСАРОВА, ШАХТИНСК ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Шараға дайындалу барысында архивтік мәліметтер жинадық. Фотосессиялар ұйымдастырдық. Жалпы колледждің дәстүрі, жетістігі және де ұрпақ арасындағы байланысты көрсетеді.