$511.92 €588.91 ₽6.44
×

Nazarbayev University түлектерінің 98%-ы жұмысқа орналаса алады

AstanaTV
13.06.2025ж. 20:00
156
Nazarbayev University түлектерінің 98%-ы жұмысқа орналаса алады

Орталық Азияның жетекші зерттеу университеті — Nazarbayev University биыл 11-ші рет түлектерін үлкен өмірге шығарып салды. 1695 студент бүгін кәсіби жолын бастауға дайын. Бұл жоғары оқу орны тарихындағы ең ауқымды лек. Толығырақ әріптесім Назерке Алтынбектің материалында. 

ВАКАР АХМАД, УНИВЕРСИТЕТ ПРЕЗИДЕНТІ:

Біз әлемнің ең үздік 30 пайызына кіретін университеттердің қатарында екенімізді зор мақтанышпен айтамыз. Алайда бұл - соңы емес. Алдағы 4-5 жылда ең үздік 300 университеттің қатарына қосылуға ниеттіміз.  Бұған студенттер, оқытушылар, қызметкерлермен жұмыла жетеміз! Ақ жол түлектер! 


Университет 15 жылда еліміз бен әлемге 12 мыңнан астам маман дайындаған. Олардың арасында жасанды интеллект, биоинженерия, робототехника, халықаралық қатынастар, экономика сынды салалардың үздіктері бар.

ҚАРЛЫҒАШ МҰҚАНОВА, ТҮЛЕК:

Мен осы Назарбаев университетін тәмәмдап, Кембридж университетіне жолдама алдым. Мен қарапайым мектептенмін және басында осы университетке түсе алмаймын деп ойладым. Бірақ қазір көріп тұрсыздар қызыл дипломға бітіріп жатырмын және күшті жерлерге түсіп жатырмын! Осындай мүмкіндіктер барына қуанамын және де үлкен рахметімді айтқым келеді.


Түлектердің жүрегін мақтаныш сезімі кернеп тұрғаны сезіледі. Ал ата-аналар баласының болашағына алаңдамайтынын айтты. 

АБАЙ ЕРКЕБҰЛАН, АТА-АНА:

Маған мынау арман, мынандай университетте оқу деген. Міне холда тұрмыз, барлық жағдай жасалған. Кафе, коворкинг дейді. Демалатын орны, жатаханалары керемет! Одан бөлек мына жерде технопарк деген бар. Ғылыми конструкция бюролары бар, ол жерде балалар робот құрастырып, басқа да заттармен айналысады. Толық жағдай жасалған, керемет. 


Көрсеткіш бойынша түлектерінің 98%-ы жұмысқа орналаса алады.  92 пайызы Қазақстанда жұмыс істейді  Университет бұнымен тоқтамай, алдағы жылдары да ғылым мен инновацияны дамытуға, білімнің сапасын арттыруға және халықаралық беделін нығайтуға ниетті.