$511.92 €588.91 ₽6.44
×

Алматыда Президент резиденциясының орнындағы саябақ құрылысына 2,2 млрд теңге жұмсалады

AstanaTV
14.06.2025ж. 13:16
63
Алматыда Президент резиденциясының орнындағы саябақ құрылысына 2,2 млрд теңге жұмсалады
Фото: Александр Павский/Kazinform

Алматыда Президент резиденциясының орнында салынып жатқан жаңа саябақ жеке инвестициялар есебінен де қаржыландырылады. 

Жоба Назарбаев даңғылының батысы мен Ганди көшесінің солтүстігінде орналасқан 4,16 гектар аумақта жүзеге асырылып жатыр. Kazinform агенттігінің сауалына жауап берген Алматы қаласының қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасының мәліметінше, жобаның бірінші кезеңін жүзеге асыру үшін бюджеттен 944,5 млн теңге бөлінген. Оның ішінде құрылыс жұмыстарына бөлінген негізгі сома — 821,4 млн теңге. Ал авторлық және техникалық қадағалауға 3,3 млн теңге және 18,7 млн теңге қарастырылған.

— Бюджет шығындарын оңтайландыру мақсатында жобаға жеке қаражатты тарту арқылы қосымша қаржыландыру көзделген. Демеушілер қаражатының жалпы сомасы — 2,2 млрд теңге. Бұл қаражат қайтарымсыз негізде ұсынылды, — делінген ресми жауапта.

Бұған дейін аталған аумақта ұңғыма бұрғыланып, құрылымдарды бетондау жұмыстары жүргізіліп жатқаны хабарланған болатын.

— Қазіргі таңда негізгі бұзу және дайындық жұмыстары аяқталып, абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр, — деп хабарлады басқармадан.