$511.92 €588.91 ₽6.44
×

Кей қазақстандықтардың несиесі кешірілмек: Ол үшін жаңа ережеге сәйкес не істеу керек

AstanaTV
14.06.2025ж. 17:17
69
Кей қазақстандықтардың несиесі кешірілмек: Ол үшін жаңа ережеге сәйкес не істеу керек

Қазақстанда борышкерлердің несие беру шарттарын қайта қарауға мүмкіндік беретін жаңа ережелер әзірленді. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі ұжымдық қайта құрылымдау механизмін енгізуді ұсынды. Бұл механизм арқылы қарыздарды біріктіруге, айыппұлдар мен комиссияларды алып тастауға, қарыз сомасын азайтуға немесе мүлдем кешіруге мүмкіндік беріледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Кімдерге жеңілдік жасалады?

Қайта құрылымдауға келесі шарттардың барлығына сәйкес келетін азаматтар жүгіне алады:

Банктер мен микроқаржы ұйымдарында екі немесе одан да көп кепілсіз қарызы бар;

несие бойынша алты айдан астам немесе микронесиелер бойынша үш айдан астам мерзімі өткен төлемдері бар;

Пәтер немесе көлік сияқты кепілге қойылған басқа несиелері жоқ;

Жалпы берешек сомасы 1 600 АЕК-тен (шамамен 6,3 млн теңге) аспайтын.

Мұндай жағдайда азамат ұжымдық қайта құрылымдауға өтініш бере алады. Нәтижесінде несие беруші бірлескен шешім қабылдап, төлем кестесін қайта қарайды. Айыппұл мен өсімпұлды толық алып тастайды. Сонымен қатар 6 айға дейінгі мерзімге төлемді шегеру мүмкіндігін қарастырады.

Қарыз қашан азайтылады немесе кешіріледі?

Мына жағдайда қарыз толық кешіріледі:

Қарыз алаяқтар арқылы рәсімделген болса;

Қарыз алушының жағдайы құжат жүзінде расталған ауыр өмірлік жағдайлармен байланысты болса;

Қарызды өтеуге объективті себептермен қабілетсіз екені барлық несие беруші тарапынан танылса.

Мұндай жағдайда банк міндетті түрде өтінішті қарап, қарызды азайту, пайыздарды алып тастау немесе төлем кестесін өзгерту сияқты шешімдер ұсынуы тиіс.