$511.92 €588.91 ₽6.44
×

Әуе шабуылдарынан кейін Иранда көпқабатты тұрғын үй құлап, 60 адам, оның ішінде 20 бала қаза тапты

AstanaTV
14.06.2025ж. 19:18
77
Әуе шабуылдарынан кейін Иранда көпқабатты тұрғын үй құлап, 60 адам, оның ішінде 20 бала қаза тапты

Израиль әуе күштерінің Иранның Шахид Чамран қаласына жасаған шабуылы кезінде 60 адам, оның ішінде 20 бала қаза тапты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әуеден жасалған соққылардың бірі 14 қабатты тұрғын үй кешенін де қамтыды.

Иран мемлекеттік IRIB телеарнасының хабарлауынша, Израильдің шабуылынан кейін 14 қабатты ғимарат құлады.

"Оқиға орнында 20 бала қаза тапты, олардың 10-ы әлі үйінділер астынан алынбады. Қаза тапқандар арасында алты және тоғыз айлық сәбилер де бар", делінген ақпаратта.