Петропавлда бес қабатты тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінен өрт шығып, құтқарушылар 30 адамды эвакуациялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
ҚР ТЖМ баспасөз қызметі өрт Назарбаев көшесі бойында орналасқан бес қабатты тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерден шыққанын нақтылайды.
"ТЖМ күштері баспалдақ маршымен 30 тұрғынды құтқарып, эвакуациялады. Өрт сөндірілді, өрттің одан әрі таралуына жол берілмеді", делінген хабарламада.