$511.92 €588.91 ₽6.44
×

Астанада құтқарушылар 5-қабаттан секірмек болған қызды аман алып қалды

AstanaTV
15.06.2025ж. 09:45
69
Астанада құтқарушылар 5-қабаттан секірмек болған қызды аман алып қалды

Астанада Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері 5-қабаттың терезесіне шыққан қызды дер кезінде құтқарып қалды. деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Құтқарушылардың жедел әрекеті трагедияның алдын алды

Оқиға Сарыарқа ауданындағы бес қабатты тұрғын үйде болған. Төтенше жағдайлар департаментіне қыздың терезе алдына шығып алғаны туралы хабарлама түскен.

Құтқарушылар оқиға орнына шұғыл жетті

Арнайы автоколенкалы көтергіш қолданылды

Қызды терезеден түсіріп, дәрігерлерге тапсырды.

«Құтқарушылардың үйлесімді және жедел әрекетінің арқасында қайғылы жағдайдың алдын алынды. Қыз жедел жәрдем қызметіне тапсырылып, қажетті медициналық көмек көрсетілді»,– делінген ТЖМ хабарламасында.

Мұндай жағдай бірінші рет емес

Бұған дейін де осындай оқиға Астанада тіркелген болатын. Астанада жас жігіт 16-қабаттан секірмек болған. Оқиға орнына дереу жеткен патрульдік полицейлер оны құтқарып қалды. Сонымен қатар Орал қаласында полицейлер төртінші қабаттың балконынан секірмек болған әйелді құтқарды. Астанада 20 жастағы жігіт тұрғын үйдің сегізінші қабатына шығып алып, секірмек болған. Абыроц болғанда оқиға орнына шұғыл жеткен патруль қызметкерлері оны құтқарып қалды.