$546.36 €630.44 ₽6.7
×

Атырау облысында қамысты алқап өртеніп жатыр

AstanaTV
15.06.2025ж. 15:21
218
Атырау облысында қамысты алқап өртеніп жатыр

Атырау қаласының Еркінқала ауылынан 15 шақырымда "Ақ Жайық" мемлекеттік табиғи резерватының аумағында 13 маусымда түнде қамысты алқап өртенді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Атырау облысы ТЖД-ның 2025 жылғы 14 маусым, сағат 14.00-дегі ақпараты бойынша, қамысты алқаптың жану аумағы шамамен 650 гектарды құрады.

ҚР ТЖМ "Қазавиақұтқару" АҚ су төгу құрылғысы бар МИ-8 тікұшағымен өрт ошақтарына 9 рет, жалпы көлемі 27 тонна су төгілді. Өртті сөндіруге жалпы есеппен 82 адам және 17 бірлік техника жұмылдырылды.

Оқиға орнында уақытылы ақпарат алмасып отыру мақсатында командалық-штабтық автокөлік арқылы байланыс орнатылды.

Қазіргі уақытта өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда.

Айта кетсек, 2025 жылы 12 маусымда Алматыда өртке оранған үйден ер адамның мәйіті табылғаны хабарланған.