Маңғыстау облысында өртеніп жатқан көліктің жарылған сәті түсірілген видео қазақстандықтарды шошытты. Куәгерлер түсірген кадрларда көлік дәл өрт сөндіруші жалынды сөндіріп жатқанда жарылып кетеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Видеода жалын соншалық биік көтерілген, көлік жанында тұрған өрт сөндірушінің аман қалуы екіталай деген ой келеді.
Алайда Маңғыстау облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі азаматтарды сабырға шақырып, қызметкер дін аман екенін мәлімдеді.