$511.92 €588.91 ₽6.44
×

«Көлікте темекі шеккен»: Петропавлда жантүршігерлік қылмыс жасалды

AstanaTV
15.06.2025ж. 23:38
60
«Көлікте темекі шеккен»: Петропавлда жантүршігерлік қылмыс жасалды

Петропавлда жолаушымен төбелескен 60 жастағы такси жүргізушісі көз жұмды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Social Media-ға сілтеме жасап.

Оқиға жексенбі, маусымның 8-і күні болған. Ер адам комаға түскен, бірақ дәрігерлердің көмегіне қарамастан ол 13 маусымда көз жұмған.

Басқа жүргізушілердің алдын ала мәліметі бойынша такси жүргізушісі клиенттерді Подгора ауданынан алып кеткен. Жолаушылар мас болған. Жанжал ер адамдардың бірі көлікте темекі тартқаннан басталған.

"Жүргізуші ескерту жасап, темекіні алып қойған дейді, жолаушы басқасын шеккен. Көлікте екеуі ауызша жанжалдасып келген. Шіркеу орналасқан Алтынсарин көшесінің тұсына келген кезде жанжал төбелеске ұласқан. Жолаушы жүргізушіні ұрып жіберген. Толық мән-жайды білмеймін, ол да ұрған шығар. Бірақ такси жүргізуші асфальтке баспен құлаған. Комаға түсті, бірақ қайтыс болды», - дейді жергілікті такси жүргізушілері.

Күдіктінің ұсталғанын Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті растады.

"Петропавлда полицейлер 60 жастағы такси жүргізушісіне ауыр дене жарақатын келтіріп, артынан оның қайтыс болуына себепші болған күдіктіні ұстады. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайы мен себептерін объективті тексеруге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тергеу жалғасып жатыр.