$536.58 €622.75 ₽6.71
×

Ираннан Түрікменстан арқылы 100-ден астам адам шықты: арасында қазақстандықтар да бар

AstanaTV
16.06.2025ж. 09:46
Ираннан Түрікменстан арқылы 100-ден астам адам шықты: арасында қазақстандықтар да бар

Таяу Шығыста қалыптасқан жағдайға байланысты Түрікменстан өз аумағын шетелдік дипломаттар мен олардың отбасы мүшелерінің, сондай-ақ қазіргі уақытта Иран аумағында жүрген басқа да азаматтардың елден шығуына мүмкіндік беру үшін шұғыл шаралар қабылдап жатыр.

— Бүгінгі күнгі мәлімет бойынша, Түрікменстанның мемлекеттік шекарасын бақылау-өткізу бекеттері арқылы Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Румыния және басқа елдердің шамамен 120 азаматы өтті, — депТүрікменстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Гуманитарлық миссияны жүзеге асыру аясында Түрікменстанның тиісті мемлекеттік органдары шетел мемлекеттерінің дипломатиялық миссияларымен және халықаралық ұйымдармен тығыз ынтымақтастық орнатқан.

Бұл тұрғыда Түрікменстан гуманизм, халықаралық ынтымақтастық және тату көршілік қағидаттарына берік екенін нақты іс жүзінде дәлелдеп отыр. Бұл әсіресе БҰҰ Бас Ассамблеясы Түрікменстанның бастамасымен жариялаған Бейбітшілік пен сенімнің Халықаралық жылы жағдайында аса маңызды. 

Бұл туралы kaz.inform.kz хабарлайды.