Алматы облысында «шет елдерде сотталған қазақстандықтарды түрмеден шығарып, босатамын» -деп халықтан ақша жинап алаяқтық жасады деген күдікпен қоғамдық бірлестік жетекшісі ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қоғамдық бірлестік жетекшісіне қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған.
«Сот күдіктіге қатысты қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», - деп хабарлайды полиция.