Air India AI171 ұшағының екі қара жәшігі де табылды, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.
Ал жексенбі күні Үндістан премьер-министрі Нарендра Модидің бас хатшысы Прамод Кумар Мишра борттық жазу құрылғысы мен ұшқыштар кабинасындағы әңгімелердің жазбасы табылғанын мәлімдеді.
The Economic Times газетінің дерегінше, бұл жазбаларды толық ашу төрт-бес күнге созылуы мүмкін.
Басылым дерегі бойынша, алғашқы «қара жәшік» жұма күні Ахмедабадта Air India AI-171 рейсі құлаған орынның маңындағы ғимараттың шатырынан табылған.
Бірнеше халықаралық сарапшылар тобы Үндістанның авиациялық оқиғаларды зерттеу бюросына апаттың нақты себебін анықтауға көмектесу үшін Ахмедабадқа келген.
Есеп үш ай ішінде жарияланады, – делінген жарияланымда.
Борттық жазу құрылғылары тергеушілерге апатқа дейінгі оқиғалардың секунд сайынғы хронологиясын қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Олар ұшқыштар кабинасында және ұшақ жүйелерінде нақты не болғанын объективті түрде көрсетеді.