$511.92 €588.91 ₽6.44
×

17 жастағы Әмір Омарханов әлемдік рейтингте жеке рекорд орнатты

AstanaTV
16.06.2025ж. 13:17
77
17 жастағы Әмір Омарханов әлемдік рейтингте жеке рекорд орнатты

17 жастағы қазақстандық теннисші Әмір Омарханов рейтингтегі орнын жеті сатыға жақсартып, 915-орынға көтерілді. Бұл — оның әзірге кәсіби турдағы қысқа мансабындағы ең үздік нәтижесі 

Әмір Омарханов үшін соңғы турнир Италияда өткен ITF M15 сериясындағы жарыс болды, сондай-ақ ол Парижде өткен жасөспірімдер арасындағы «Ролан Гаррос» турниріне де қатысты.

Сондай-ақ рейтингін жақсартқан тағы бір қазақстандық — Александр Шевченко, ол топ-100 қатарына оралып, 97-орынға ие болды. Бейбіт Жукаев та өз көрсеткішін жақсартып, 244-орынға тұрақтады.