$511.92 €588.91 ₽6.44
×

Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Астанаға келді

AstanaTV
16.06.2025ж. 13:51
149
Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Астанаға келді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинді Астана әуежайынан қарсы алды.


Трапта Құрмет қарауылының ротасы сап түзеді. Мәртебелі мейманға Қазақстан мен Қытай туларын ұстаған жеткіншектер қошемет көрсетті.


Елорда әуежайының терминалында Төраға Си Цзиньпинге балалар қазақ және қытай тілдерінде сәлемдесіп, күтіп алды

Содан соң өнерпаздар қос халықтың ұлттық билерін билеп, ерекше ілтипат білдірді.