$512.44 €593.15 ₽6.52
×

70-ке жуық қазақстандық Ираннан шығарылды

AstanaTV
16.06.2025ж. 14:42
208
70-ке жуық қазақстандық Ираннан шығарылды

Соңғы екі күн ішінде 70-тен астам қазақстандық азамат Ираннан шығуға көмек алғанын ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

2025 жылғы 15 маусымда Қазақстанның 68 азаматы, оның ішінде дипломаттардың отбасы мүшелері, экономикалық ынтымақтастық ұйымының хатшылығында іссапармен жүрген қазақстандық мамандар, сондай-ақ Иранда қызметтік сапармен болған өзге де азаматтар Түрікменстан арқылы елден шығарылған.

Сонымен қатар, ҚР СІМ мәліметінше, Ирандағы Қазақстанның шетелдегі мекемелері қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр