$512.44 €593.15 ₽6.52
×

46 градус аптап ыстық болады

AstanaTV
16.06.2025ж. 15:40
65
46 градус аптап ыстық болады

«Қазгидромет» РМК Қазақстан аумағы бойынша 17-19 маусымға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Синоптиктердің болжамынша, республиканың көп бөлігінде солтүстік-батыс циклонының өтуімен ауа райының тұрақсыз сипаты күтіледі: жаңбыр, найзағай, екпінді жел, 18-19 маусымда еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін.

Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде ауа температурасы түнде 17-25 градус жылыдан 15-23 градус жылыға дейін, күндіз 25-35 радус жылыдан 20-31 градус жылыға дейін төмендейді деп күтіліп отыр.

«Орталықта түнде 18-25 градустан 15-22 градусқа дейін төмендейді, 17-18 маусымда күндіз 35-39 градус қатты ыстық, облыстың оңтүстігінде 42 градус өте қатты ыстық күтіледі, 19 маусымда 27-32 градусқа дейін төмендейді.

Шығыста түнде 12-23 градус жылыдан 17-25 градус жылыға дейін, күндіз 27-35 градус ыстықтан 35-39 градус қатты ыстыққа дейін жоғарылайды, 19 маусымда жекелеген аудандарда 40 градус өте қатты ыстық күтіледі.

Оңтүстік-шығыста түнде 18-23 градус жылыдан 20-25 градус ыстыққа дейін жоғарылайды, күндіз 35-39 градус қатты ыстық, 18-19 маусымда жекелеген аудандарда 42 градус өте қатты ыстық күтіледі. 

Күндіз оңтүстік аймақтарда 43-46 градус қатты ыстықтан 30-38 градусқа ыстық деп күтіліп отыр», - делінген синоптиктер болжамында.