$512.44 €593.15 ₽6.52
×

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға ресми сапармен келді

16.06.2025ж. 20:00
47
ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға ресми сапармен келді

Қытай халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Қазақстанға ресми сапармен келді. Қытай көшбасшысы мінген бортты ел шекарасынан елордаға дейін еліміздің Әуе қорғаныс күштерінің ұшақтары алып жүрді. Мәртебелі мейманды  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана әуежайынан сән-салтанатпен күтіп алды.

Елорда әуежайының терминалында Төраға Си Цзиньпинге балалар қазақ және қытай тілдерінде сәлемдесіп, күтіп алды. Содан соң өнерпаздар қос халықтың ұлттық билерін билеп, ерекше ілтипат білдірді. Айта кетейік, бұл- Қытай көшбасшысының елімізге алтыншы сапары. Ресми  сапар  маңызды саяси оқиғалардың бірі саналатын «Орталық Азия-Қытай» екінші саммитіне орайластырылған.  Қазақстан тағы да қабылдаушы мемлекет болып, өзінің өңірлік дипломатия мен диалог орталығы мәртебесін растады. Бұл екі ел арасындағы орнықты сенім мен стратегиялық жақындықтың ерекше көрсеткішін білдіреді.