Қытай - Қазақстанның негізгі сауда серіктесі. Екі елдің болашақта сауда көлемін 100 миллиард долларға дейін жеткізу жоспары бар. Қытайлық инвестициямен Қазақстанда көптеген өнім өндіретін зауыттар ашылуы мүмкін дейді сарапшы Дінмұхаммед Ғали. Айтуынша, "Орталық Азия-Қытай" саммиті жаңа инвестициялық жобаларды әкеліп, экспорт нарығын кеңейтуге әсер етеді.
ДІНМҰХАММЕД ҒАЛИ, ҚОЛДАНБАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
Қытаймен Қазақстанның арасындағы инвестицияны қорғау туралы заңды қайтадан қарастыру. Мысалы 1900 жылы бұл заң инвестицияны қорғау бойынша қабылданған еді. Енді сонша жылдан бері Қытайдың инвестициясы ұлғайған сайын қайтадан қарастырып жаңа мазмұнда, жаңа сұрпатта қарастыру керек екенін біз көріп отырмыз.
Саммит Қазақстанға инфрақұрылым мен тасымалдау жүйесін дамытуға, сауда-экономикалық серпін беруге, өнеркәсіптік және энергетикалық мүмкіндіктерін кеңейтуге жаңа серпін бермек. Стратегиялық зерттеулер институтының сарапшысы екі ел келісімі технологиялық инновацияларды тартып, мәдени-ағарту байланыстарын нығайтады дейді.
ӘЛІШЕР ТАСТЕНОВ, ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ҚСЗИ БАС САРАПШЫСЫ:
Осы жолғы саммит екі ел арасындағы серіктестікке жаңа леп береді, жаңа деңгейге көтереді. Қытай - Орталық Азия - Каспий арқылы Еуропаға шығатын балама жол. Қазақстан да өз тұрғысынан тауар тасымалына ыңғайлы дәліз. 22 жылы жылына 1 жарым миллион жүк тасымалданса, былтыр 4 жарым миллионнан астам жүк жөнелтілген.