$491.71 €529.97 ₽5.05
×

Мүмкіндігі шектеулі балғындар «ЭКСПО-2017» көрмесін аралады

AstanaTV
13.07.2017ж. 20:00
2562
Мүмкіндігі шектеулі балғындар «ЭКСПО-2017» көрмесін аралады

Балаларға ерекше тарту. Мүмкіндігі шектеулі балғындар Астанадағы ЭКСПО көрмесін аралады.  Шахар әкімдігіне қарасты «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы көрме әкімшілігімен алдын ала келісім жасасқан. Соның негізінде мүгедек жандардың көрмеге тегін кіруіне мүмкіндік берілді.

Құралай Қожамқұлова, «Нұрлы жүрек» әлеуметтік қызмет көрсету орталығы директорының орынбасары:

Осы көрмені көріп, өздерінің дүниетанымдық ойларының дамуына әсерін беру. Бәрі қуанды. Осы күнді тағатсыздана күтті деп айтуға болады. Күнде сұрайды қашан барамыз деп. Өздеріңіз байқасаңыздар болады, барлығының жүздерінде тек қана күлкі.

Орталықта 247 бала тәрбиеленіп жатыр. Барлығы мемлекеттің қолдауын сезініп келеді. Көрмеге жолдама алған жеткіншектердің бірі - Айдана. Анасы екеуі қазақстандық павильоннан бастап, бірқатар мемлекеттерге саяхат жасаймыз деп ақылдасып шыққан. Балғындарға мұндай серуеннің пайдасы мол,- дейді Айнұр Баубекова.

Айнұр Баубекова, Астана қаласының тұрғыны:

Көрмені тамашалап жүрміз. Шынымызды айтсақ, ұнады. Балама да ұнап жатыр, қызыма да. Кәдімгідей демалдық. Қызым арнайы Астана қаласындағы әлеуметтік мекемесіне барады. 9 жыл болды. Көп осындай шарадан қалдырмайды. Көп-көп рахмет айтамын.