Шетелдегі 300 отандасымыздың ұшуы қиындап тұр. Оның басым бөлігі- туристер. Ал 70-ке жуық қазақстандық Ираннан елге келе жатыр. Сыртқы істер министрлігі Таяу Шығыстағы жағдайды ерекше бақылауға алған. Иран мен Израильде әлде де 300-ден астам Қазақстан азаматы бар. Еліміздің дипломатиялық өкілдіктері күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Азаматтардан аса қажет болмаса, тұрған жерінен шықпай, қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды.
АЙБЕК СМАДИЯРОВ, ҚР СЫРТҚЫ ІСТЕР МИНИСТРЛІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:
Министрліктің үндеуіне туристерге жағдайдың дамуын мұқият қадағалап, сапарларды жоспарлау кезінде, Әсіресе БАӘ және Парсы шығанағының өзге елдеріне бару барысында туындауы мүмкін қауіп-қатерлерді ескеруге кеңес беріледі. Қажет болған жағдайда Қазақстандық туристердің елге оралуы туристік "Қамқор" қоры мен әуе компаниялармен бірлесіп қамтамасыз етіледі.