$512.44 €593.15 ₽6.52
×

Атырауда ерекше қорғалатын «Ақ Жайық» резерватына әдейі өрт қойған

16.06.2025ж. 20:00
45
Атырауда ерекше қорғалатын «Ақ Жайық»  резерватына әдейі өрт қойған

Атырауда ерекше қорғалатын «Ақ Жайық»  резерватына бәзбіреулер әдейі өрт қойған. Резерваттан шыққан қою түтін  қаланы басып,  бірнеше күннен бері  халық түтінге тұншығып отыр. Бықсыған қамыс түтінінен бөлек, соңғы күндері күкіртсутектің  көлемі шекті мөлшерден 11 есе артқан. Экологтар адам денсаулығына зиян көрсеткіштер  Атырау мұнай өңдеу зауыты мен  булану алаңы аумағында  байқалғанын айтады. Сондықтан  қолқаны қабатын жағымсыз иістің неден екенін тексеруге көшкен.  Ал резерваттағы өрт аумағы  - 1300 гектарға жуық.  3 аумақта жанып жатыр. Әлі толық өшкен жоқ.  Айта кетейік, резерват былтыр ана қамыс өртімен күресу үшін заманауи жабықтар алуға  жарты миллиард теңгеден астам қаржы бөлген. Бірақ  өрт ошағын өршімей жатып анықтауға ол да көмектеспей тұр. 

ДӘУРЕН ЕСҚАБЫЛОВ, «АҚЖАЙЫҚ» МЕМЛЕКЕТТІК ТАБИҒИ РЕЗЕРВАТ ДИРЕКТОРЫ:

Меніңше, бүкіл резерваттың пайымдауынша,  әдейі, қасақана жасалған әрекет. Қылмыстң бір түрі. Өрт шыққан жері рыбоходка каналдың бойынша емес. Қашықтау. Қамыс қатты шоғырланған жерде орын алды. Сондықтан ол  балықшыдан, туристен шыққан нәрсе емес.