$512.44 €593.15 ₽6.52
×

Шымкентте автобус жүргізушісі жолақы төлеуді ескерткені үшін соққыға жығылды

Шымкентте автобус жүргізушісі жолақы төлеуді ескерткені үшін соққыға жығылды

"Жолаушы ақысын төлеуді талап еткенім үшін соққыға жығылдым". Шымкентте автобус жүргізушісін  бірнеше адам жабылып ұрып, ауруханадан бір-ақ шығарған.  Нөмірі 52 бағытта жүретін автобустың жүргізушісі Мақсат Жолаев есін жедел жәрдем көлігінің ішінде жиғанын айтады. Сөзіне сүйенсек, бұл жағдай жұмыс күні аяқталып қалғанда болған. Аялдамадан соң түсуге оқталған жолаушыға жолақы төлемегенін ескерткен көрінеді.  Ал ол жүргізушіні балағаттап,   автобустан түсіп, сыртқа шығуын сұрапты.  Көліктен  түскенде   үш адам жабыла кетті дейді.   

МАҚСАТ ЖОЛАЕВ, ЖӘБІРЛЕНУШІ:

Үшеуі ұрды ма, сол үшеуі жазалансын! Олар мені рульде отырған кезде ұрмақшы болған негізі, рульде келе жатып. Қазір 1 адам құсталып, 1 адам қамауда. Менің жағым сынып, жыртылып кеткен. 


ЕРЛАН КУРБАНХОДЖАЕВ, АУРУХАНА БАС ДӘРІГЕРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
 

Түскен кезде бастың жарақаттары болған. Дәрігермен қабылдау бөлімінде алғашқы көмек көрсетіліп, кейін жедел түрде стационарлық көмек қажет болғандықтан  оны нейрохирургия бөліміне жатқызған. Қазір науқас ем алуда. Жағдайы орташа дәрежелі ауырлықта. 


Аталған жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу сотымен күдіктіге қатысты күзетпен ұстау бұлтартпау шарасы қабылданды. Тергеу жүріп жатыр.