$512.44 €593.15 ₽6.52
×

Астанада 5 тоннадан астам насыбай тәркіленіп, оны арнайы экологиялық қондырғыда жойды

AstanaTV
16.06.2025ж. 20:00
56
Астанада 5 тоннадан астам насыбай тәркіленіп, оны арнайы экологиялық қондырғыда жойды

Астанада рейд барысында полицейлер мен аудандық әкімдіктер 5 тоннадан астам насыбай тәркілеп, оны арнайы экологиялық қондырғыда жойды. Заңсыз өнімнің құны- шамамен 25 миллион теңге.  

Рейдтер елордадағы алты ауданның 500-ден астам сауда нүктесін қамтыды. Нәтижесінде 100-ден астам заңбұзушылық фактісі тіркеліп, сатушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.  Тәркіленген өнімдер арнайы комиссияның қатысуымен жойылды.

НҰРИСЛАМ БАТЫРБЕК, БАЙҚОҢЫР АУДАНЫ ӘКІМДІГІ ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ БАС МАМАНЫ:

Жыл басынан бері ауданымыз бойынша 60 хаттама толтырылды дәл осы рейд барысында. Бұл рейд бізде Таза Қазақстан акциясы бойынша басалып жатыр. Зиянды химикаттардың ауасы қаламызды ластамау үшін осындай бір арнайы жерлерді таңдаймыз. Сол жерде өртейміз. 


Иә, шегілмейтін табақ өнімдерін жою процесі медициналық қалдықтарға арналған бірегей экологиялық құрылғыда жүргізілді. Бұл қондырғы – елімізде «жасыл» технологиялар тізіміне енгізілген жалғыз жүйе. Сондықтан экологияға   зиян келтірілмейді.

АРСЛАНБЕК МАҒЗҰМ, ҚАЛАЛЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ АСТАНА ҚАЛАЛЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Системалық тұрғыда жалпы жиналады ма, біз оны осы жеге әкеліп арнайы полигондарда оны жоямыз. Жастармен бірге. Жалпы жұмыс аясында соңғы жарты жылда 500-дей ерікті тартылған болатын. Оң жақтарын көрудеміз.  Өйткені, біздің мақсатымыз осы шегілмейтін табақ өнімдерін 100 пайызға құрта алмайтын шығармыз, бірақ мейлінше көбірек азайту. 

 
Айта кетейік, заңсыз насыбай сатқан тұлғаларға 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Мұндай рейдтер алдағы уақытта да жалғаспақ.