$512.44 €593.15 ₽6.52
×

Шекара инфрақұрылымын жаңғырту мәселесі Мәжіліс депутаттарының бақылауында

AstanaTV
16.06.2025ж. 20:00
44
Шекара инфрақұрылымын жаңғырту мәселесі Мәжіліс депутаттарының бақылауында

Шығыс Қазақстан облысындағы шекаралық бөлімшелер мен бақылау-өткізу бекеттері күрделі жөндеуді және заманауи техникамен жабдықтауды қажет етеді. Бұл мәселе  Мәжіліс депутаттарының өңірге жұмыс сапары барысында көтерілді. Ең шалғайдағы «Ражан Батырханов атындағы» бөлімше 1931 жылы салынған. Мұнда тұрақты электр жарығы жоқ, жұрт ішер суды өзеннен алады, ал жолдарды қыста қар басып, отын жеткізу қиындайды. Жағдайды жақсарту үшін инженерлік желілерді жаңарту, жаңа нысандар салу және заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету қажет. 

ДӘУЛЕТ ТҰРЛЫХАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Заман өзгергеннен кейін бәрі заманға сай болу керек барлығы. Бюджет мәселесін қараған кезде, осы салаға біз проблемалық жағдайлар бар шешімдерді шешуге депутат ретінде көмектесеміз. Онсыз болмайды.