Пайызы төмен.Пайдасы көп. Шарты қолайлы.Шаруаларға ыңғайлы.Қостанай облысында 300-ге тарта ауыл тұрғыны «Ауыл аманаты» бағдарламасының игілігін көріп отыр.Шалғайдағы шаруалар мал өсіріп, түлік басын көбейтуде. Тігін цехын ашып, ауылдастарын жұмыспен қамтыған кәсіпкерлер де бар. Техникасын жаңғыртып, егін шаруашылығымен екпінді айналысып жатқандардың да еңбегі ерен.
Құрманғазы Әбдібеков отыз жылға жуық жылқы өсіріп, қымыз баптап, шаһар тұрғындарын ұлттық сусынмен қамтамасыз етіп отырған шаруа. Үйір-үйір жылқыны бағуға, бие сауу жұмысына ауылдастарын жұмылдырып отыр. Ал «Ауыл аманаты» бағдарламасымен алған несиеге қыста сауатын бие сатып алғанын айтады.Соның арқасында киелі шаңырақта қысы-жазы қымыз үзілмей келеді.
ҚҰРМАНҒАЗЫ ӘБДІБЕКОВ, ШАРУА:
Игілімізге жұмсадық енді. Өңкей қыста сауатын бие сатып алдық оған. Бізде қыста бие болмайды ғой суаутын.Сол кезде он шақты бие қыста сауатын ауыстырып алдық.Соның арқасында.Тек ғана біз емес осы ауылда он шақты отбасы «Ауыл аманатын» алып , көмегін көріп қазір 5-6 жылқымен бастап, 20-40 жылқылары бар осында.
Иә, игі бағдарламаның игІлігін көріп отырған ауыл тұрғындары көп. Темірқазық елдімекенінің тұрғыны Руслан Ахметов 5 миллион теңге несиеге 80 қой сатып алыпты. Екі жылда ұсақ мал саны екі жүзге таяған.Енді қорасын қара малға толтырғысы келеді.
РУСЛАН АХМЕТОВ, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР:
Ауылда жұмыс жоқ енді.Сол қой өсіріп, соны сатсам пайда көрсем бе деп отырмын.Ары қарай сол өсіргім келеді, көбейткім келеді.Кредитін жапқым келеді.Ары қарай қара мал алсам ба деп отырмын.Программа ұнады енді.Проценті аз.Бірінші төлемді биыл төлеймін.Жылдан жылға азая береді.
279 шаруа мен жеке кәсіпкер жеңілдетілген несие алған. Жеті жылға берілген қаражатты, мерзімінен бұрын өтеп қайтадан ақша алып жатқандар бар.
ОРАЗҒАЛИ НҰРҒАЛИЕВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ ҚОФ БАСПАСӨЗ БӨЛІМІНІҢ КОНСУЛЬТАНТЫ:
Қазіргі таңда 278 несие алған адам белсенді жұмыс істеп жатыр. Микрокредит мерзімінен бұрын қайтарылды.Қайтарлыған қаражат есебінен 9 жаңа несие қайта берілді. Жалпы негізгі қарыз бойынша 83,3 миллион теңге қайтарылды.
«Ауыл аманаты» жобасы аясында 1,5 миллиард теңге ақша бөлінген.Қомақты қаражат пен қолдаудың арқасында 237 ауыл тұрғыны ісін жаңа бастап, ілгерлетіп отыр. Несие алғандардың басым бөлігі мал шаруашылығымен айналысып жатыр. Егін шаруашылығына, техника мен құрал жабдығын жаңғыртуға және басқа да кәсіпке ақша алғандар бар. Жүйелі жүзеге асқан бағдарлама арқасында аймақта 300 жаңа жұмыс орны ашылды.