$512.44 €593.15 ₽6.52
×

Елордалық жастар "Jasyl Fest" экофестивалінде 250 келіге жуық қалдық жинады

16.06.2025ж. 20:00
65
Елордалық жастар "Jasyl Fest" экофестивалінде 250 келіге жуық қалдық жинады

Елордалық жастар "Jasyl Fest" экофестивалінде 250 келіге жуық қалдық жинады. Фестиваль республикалық «Taza Qazaqstan» акциясына орайластырылып, Экологиялық ұйымдар қауымдастығымен бірге Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылды.  

Екінші "Jasyl Fest" фестивалінде макулатура, пластик, шыны, электронды қалдықтар, алюминий банкалар, тіс щеткалары, пакеттер, сынған ойыншықтар, қаламсаптар, мерзімі өткен дәрі-дәрмектер жиналды. Ең бастысы - картон мен макулатура - шамамен 77 келі болды. Қалдықтардың барлығы қайта өңдеуге жіберіледі. 

САМАТ АБДУЛЛИН, ҚАЛАЛЫҚ ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:


Астанаға сырттан келуші қонақтар көп. Одан бөлек қаламыздың тұрғындары үшінде бұл фестивальдің орны бөлек. Себебі қоқсытарды бөлек-бөлек жинау, оларды қайта өңдеуде оңтайлы әдістердің бірі. Оның үстіне мұндай шаралар жастарды тазалыққа, қоршаған ортаны қорғауға шақырады. Адамдарды тәртіпке үндейді. 


Сонымен қатар, ұйымдастырушылар шеберлік сабақтары мен  викториналар өткізді. Аниматорлар кішкентай қатысушылардың көңілін көтерді. Қатысушылар түрлі сұрақтар қойып,  өз идеяларын ұсынды. 

АЙГҮЛ СОЛОВЬЕВА, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҰЙЫМДАРЫ ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ:

Бұл еріктілер ұйымдары, Жастар. Олар өз уақыттарын аямайды. Олар әрдайым келеді, кейде екі-үш автобус мені қуантады, бұл сүйкімді, кішкентай, әдемі, ақылды балалар біздің барлық іс-шараларымызға үлкен мән береді.  


ЖӘНИЯ РАХАТБЕК, АКЦИЯҒА ҚАТЫСУШЫ:

Осы қатысып жүргеніме 3-4 ай болды негізі. Бұл шараның мақсаты әрине адамдарды осы  табиғатты қорғауға үйрету деген сияқты және де біздің мақсатымыз жалпы осы табиғатты сақтап қалуғой негізінен. Осы экологияның құруынан байланысты, білесіздергой. Жалпы балаларды да үйрету сорттауға.


Іс-шара қорытындысы бойынша макулатура мен пластиктен бастап өсімдік майы мен тоқыма бұйымдарына дейін қалдықтардың 20-дан астам түрі жиналды.