$512.44 €593.15 ₽6.52
×

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында көпқабатты үйлердің аулалары тазартылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында көпқабатты үйлердің аулалары тазартылды

Қызылордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында көпқабатты үйлердің аулалары, балалар ойын алаңдары қоқыстан тазартылып, абаттандырылып жатыр. Оған коммуналдық мекеме қызметкерлерінен өзге, тұрғындар, ерікті жастар атсалысуда. Сонымен қатар, олар көпшілікті экологиялық мәдениетті қалыптастыруға шақырып, үнпарақтар таратты. Жалпы акция бастау алғалы аймақтың 25 мыңға жуық тұрғыны оған өз үлесін қосқан. 

ҒАЛЫМЖАН ДАЛАБАЕВ, КОММУНАЛДЫҚ МЕКЕМЕНІҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:

«Таза Қазақстан» экоакциясының аясында қаламыздағы мөлтекаудандағы, «Ақмешіт» мөлтек ауданындағы тұрғындардың өздері де үлестерін қосып, жалпылай ауланың тазалығы шқп шабу жұмыстарына да бірге атсалысып жұмыстар жүргізілуде.