Ұлттық бірыңғай тестілеудің кезекті нәтижесін жарияланды.
Ғылым және жоғары білім министрлігінің ақпаратынша, биыл 16 мамырда негізгі ҰБТ басталғалы 214 мыңға жуық тестілеу өтті. Талапкерлердің 74%-ы тестілеуді қазақ тілінде, 26%-ы орыс тілінде және 182 түлек ағылшын тілінде тапсырды.
Төрт аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 70%-ы шекті балл жинады. Бес пән бойынша орташа балл -66. Ең жоғары нәтиже — 140 балл. ОныТүркістан облысынан Әбілхан Жәнібек жинады.
Талапкерлердің басым бөлігі, атап айтқанда, 18%-ы «Математика-Физика», 15%-ы «Биология-Химия» пәндерін және 14%-ы шығармашылық емтиханды таңдады. Ерекше білім беру қажеттілігі бар 592 талапкер ҰБТ-да бағын сынады.
-Талапкерлер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға беру құқығы бар. Техникалық себептен апелляция тікелей тестілеу кезінде қабылданады. Нәтижелері бар сертификаттар апелляция қарастырылғаннан кейін жеке кабинеттен қарауға мүмкіндігі бар. Негізгі ҰБТ басталғалы төрт аптада 304 ереже бұзушылық анықталды. 146 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып кірмек болғаны үшін тестілеуден шеттетілді. Тағы 157 адам тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан шығарылып, нәтижелері жойылды. Сондай-ақ 1 талапкердің сертификаты тестілеу бейнежазбасын тексеру нәтижесінде жойылды. Бөгде адамның кіру фактісі анықталған жоқ,- делінген хабарламада.