$512.44 €593.15 ₽6.52
×

Оралда “Marvel кейіпкерлері” жол ережесін бұзды

AstanaTV
16.06.2025ж. 22:39
40
Оралда “Marvel кейіпкерлері” жол ережесін бұзды

Оралда Marvel кейіпкерлерінің костюміндегі автокортеж жол ережесін бұзғаны үшін тоқтатылды, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Орал қаласында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері бірнеше көліктен тұратын ерекше автокортежді тоқтатты. Көлік жүргізушілері мен жолаушылары Marvel киноәлемінің кейіпкерлерінің костюмдерін киіп алғанымен, олардың ерекше бейнесі жол ережесін бұзған жауапкершіліктен босатпады.

Тексеру нәтижесінде автокортеж қатысушылары бірқатар жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғаны анықталды.