$512.44 €593.15 ₽6.52
×

Семейде оқушыны жабыла сабағандардың бірінің анасы ата-ана құқығынан айырылды

AstanaTV
17.06.2025ж. 08:11
59
Семейде оқушыны жабыла сабағандардың бірінің анасы ата-ана құқығынан айырылды

2025 жылдың сәуір-мамыр айларында Абай облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Семей қаласы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның талап арыздары бойынша үш азаматтық іс қаралды.

Кәмелетке толмаған баланы соққыға жыққан алты ата-ананың үшеуінен комиссия шешіміне шағым түсірген. Қалған ата-аналарға қатысты сот отырыстары өткізіліп, мынадай шешімдер қабылданды:

Кәмелетке толмаған қыздың анасын ата-ана құқығынан айыру туралы талап арыз қанағаттандырылды.

Басқа бір кәмелетке толмағанның анасын ата-ана құқығынан айыру туралы талап ішінара қанағаттандырылды. Ал әкесіне қатысты — оны ата-ана құқығынан айырудан бас тарта отырып, тәрбиелеуге ұзақ уақыт бойы қатыспауы және алкогольді зиянды түрде тұтынуы ескеріліп, ата-ана құқығы шектелді.

Аталған шешімдердің негізінде спирттік ішімдіктерге әуестік, әкімшілік жауапкершілікке бірнеше рет тартылу, наркологиялық және полиция есебінде тұру, баланы тәрбиелеуге қатыспау секілді жағдайлар қарастырылды.

"Сондай-ақ, кәмелетке толмағандардың ата-аналарынан алимент пен мемлекеттік баж өндіріп, қыз балалар қамқоршылық және қорғаншылық органдарының қарауын, үшінші іс бойынша талапкер өкілі мен жауапкер тарап – кәмелетке толмаған баланың ата-анасының экстерриториялық соттылықты қолдану туралы өтініштері негізінде істі басқа облысқа жолдау туралы шешім қабылданды, 

Сотта қабылданған шешімдер кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, олардың өмір сүруіне, тәрбиеленуіне және дамуына қауіпсіз әрі қолайлы жағдайлар жасауға бағытталды»- делінген Абай облыстық сотының хабарламасында.